Оқу жылының басында- мектебімізде 502 оқушы. Жыл басында 30 сынып жетекшілерінің жылдық жоспарлары бекітіліп, осы жоспар бойынша әр тоқсанда есеп алынып, қаралған жұмыстар дер кезінде талқыланып отырды. 1 қыркүйек күні жаңа оқу жылының басында мектепте «Білім күні» салтанатты жиыны өтті. Бұл мерекеге аудандық әкімшілік және білім бөлімінің, сонымен қатар ардагер ұстаздар қонаққа шақырылды.